Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

2020 ЖЫЛДЫҢ 17 АҚПАН КҮНІ САҒАТ: 16.00-ДЕ, 22 АҚПАН КҮНІ САҒАТ 11.00-ДЕ:

Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.