Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

 Қадірменді сахна шеберлері!

Ардақты өнер майталмандары - ардагер ағалар мен апайлар! Құрметті барша театр қызметкерлері!

27.03.20 11

Сіздерді Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Жамбыл облыстық филиалының алқасы атынан төл мерекелеріңіз – Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осынау айтулы күн – кәсіби тұрғыда ел мақтанышына айналған мамандық иелері, артистер қауымымен қоса, барша өнерсүйер халқымызға да ортақ мереке.  

«Мәдениет – өмір мәйегі, өнер – ұлттың жаны», - дейді халық даналығы. Мәдениет пен өнер – елдігімізді бекемдеп, халқымызды қанаттандырып отыратын бір-бірінен ажырамас егіз ұғым.

Театр өнері қызметкерлері атадан балаға мұра болып қалатын асыл қазынамыз, халқымыздың баға жетпес құндылықтары – ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтап, оларды одан әрі жаңартып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Қай халықтың мәдениеті мен өнері жоғары болса, сол халықтың рухы үстем.

Үстіміздегі жыл басынан бері барша елімізбен қатар, театр ұжымдары да  Ұлы Абайдың - 175, Жеңістің – 75, Алтын Орданың 750 жылдың мерейтойларына арналған мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып, осы айтулы даталардың жоғары деңгейде өткізілуіне үлкен белсенділікпен ат салысып келеді.

Құрметті әріптестер!

Баршаңызға театр өнеріне, елге, халыққа қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт-шалқар, жаңа шы­ғармашылық та­быс­тар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Жамбыл облыстық филиалының алқасы