Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры ұжымы өзіңізді аса құрметтейді. Өйткені сіз өнерді, өнер адамдарын түсінесіз.
Сіз мәдениет басқармасынан қалалық білім бөліміне басшылыққа ауысқан кезіңізде біздің басшымыз Болат аға тост айтып тұрып былай депті:

Мүбәрәк!
Көзі де - Мүбәрәк,
Сөзі де - Мүбәрәк,
Өзі де - Мүбәрәк.
Өңірдің өлермен ерлері,
Өзіңе құмар-ақ.
Салдар да
Қарайды тұра қап.
Шалдар да қарайды
бұға қап.
Бір әзіл тастасаң,
Қалтаңдап құламақ.
Біз-дағы сығалап, сығалап,
Біткенбіз тұралап.
Сен болсаң жарқылдап жүресің,
Ешкімге ойың жоқ ұнамақ.
Осылай,
Сүйеді өзіңді бір алап.

Мінезің жайдары,
Қазақтың қызының- байрағы.
Қызметке келгенде
Тағы бар - айбары.
Ерлерге бергісіз мықтысың,
Еркектің ішінде
Жүргенде тайғағы.
Өнерді байқадың, жайпадың,
Жоқ ешбір айтары.
Ал, енді...
Өзіңді күтеді,мылтықсыз,
Мектептер майданы...

Дос- жүрек жиналып,
Біз сізді сыйладық.
Ол рас сізбенен,
Еңбекте ширадық.
Жалбақтық емес шын,
Жақсылық жинадық.
Ұзатқан қыздайын,
Ал бүгін қимадық.
Қимадық, Қимадық,
Айналып соғыңыз,
Жақсы бір бастықсыз,-
Дегенге иланып.

Ақынның айтқаны айдай келіпті. Сіз бізге қайта оралдыңыз. Біз қашанда сізбен біргеміз.
Туған күніңіз құтты болсын! Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз!

07.04.20 7

07.04.20

07.04.20

07.04.20

Театр ұжымы.