Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

1941 жылы соғыс өрті тұтанып, Ұлы Отан соғысы басталысымен, Украинаның еврей театры эвакуацияланып, Жамбыл қаласына көшіп келді. Сол еврей театрының құрамында келген режиссер Борис Лурье бірден Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас режиссері болып тағайындалды.

Неміс басқыншыларына қарсы соғысқа алынып жатқан мыңдаған қазақстандықтар қатарында Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері Молдаш Сәкиев, Тұраш Әбуов, Әмір Абланов, Хакім Нарбутин, Есқали Бәйімбетов, Тәжімет Әлмұхамедов, Сәдуақас Ирғалиев және тағы басқалар майданға аттанды.
Соғыс уақытында кезінде Жамбыл облыстық театрының негізін қалауға ат салысқан белгілі өнер майталмандары: Молдаш Сәкиев – пулеметшілер ротасының командирі, Сәдуақас Ирғалиев – атқыштар дивизиясы саяси бөлімінің офицері, Тәжімет Әлмұхамедов – "Қызыл әскер правдасы" газетінің әскери тілшісі болып, көптеген ерлік істерімен танылды. Елге жеңіспен оралған соң, олардың бірқатары халық шаруашылығында, партия-совет мекемелерінде қызмет атқарды, Молдаш Сәкиев, Тұраш Әбуовтер театрдағы қызметіне қайта оралды.
Бүгінде олардың бірі де – өмірде жоқ! Бірақ, туған елі үшін, жері үшін өмір мен өлім арасында, бастарын мың сан қатерге тіге жүріп күрескен ерлер есімі мәңгі есімізде! Олардың ерлік істері мен өнер жолындағы өрелі еңбектері театр тарихында жазылып қалды, суреттері мен портреттері театр Музейінде ілуді тұр... Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз! Әрдайым мақтан тұтамыз!