Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

МАЙДАНҒА КЕТКЕН ҚОС ҰЛЫН ҚЫРЫҚ ЖЫЛ БОЙЫ ЗАРЫҒЫП КҮТКЕН АНА ЗАРЫ – БЕЙНЕФИЛЬМДЕ...

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Жеңіс күніне орай, белгілі ақын ЖАҚСЫЛЫҚ СӘТІБЕКОВТІҢ сөзіне жазылған әнші-композитор АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВТЫҢ «ҚАРА КЕМПІР» әнінің желісі бойынша түсірілген бейнефильмнің үзіндісін назарларыңызға ұсынады.
Фильм оқиғасында өрімдей жас екі ұлы – қос боздақ Жексенқұлы мен Қосшығұлын өз қолымен майданға аттандырып, «олар өлген жоқ, тірі» деген сеніммен олардың жолын 40 жыл бойы зарығып тосқан ел арасында Қара кемпір атанып кеткен Қали ананың зары жыр және ән авторларының шығармасының желісімен аянышты суреттеледі...
РОЛЬДЕРДІ ОРЫНДАУШЫЛАР:
– Қали ананың (Қара кемпірдің) жас келіншек кезін бейнелеген – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі АНАР САҒЫМБЕКОВА.
– Қали ананың (Қара кемпірдің) қартайған шағын бейнелеген – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның халық артисі МӘКЕН РАҚЫМЖАНОВА.