Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан МЕЙІРБЕКТІ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Есімбекұлы Мейірбек 1994 жылы 27 шілдеде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Сәлімбай ауылында туылған. Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.

М.Есімбекұлы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлық қызмет атқарып келеді.

Ол, осы уақыт аралығында бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген рольдерді сомдап, шеберлігімен көзге түсті.

Өзін, талпынысы зор, ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары актер ретінде танытты.  

С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясында – жүргізуші және көпшілік сахнасында, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - ұлдар мен қуғыншылар рольдерінде, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - биші ұл, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - ҰҚК бастығы,  Е.Әбдірешовтің «Алтын мүйізді киік» ертегі-қойылымында – Месқарын, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқа» ертегісінде - Сұм қарға, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Ақсақ қасқыр, Б.Жандарбековтің «Томирисінде» - Хусрау рольдерін сомдап, өзін үйренуден жалықпайтын ізденімпаз, еңбекқор, актерлық шеберлігін арттыруға ынталы актер ретінде танытып келеді.

М.Есімбекұлы болашағынан зор үміт күттіретін ынталы да талантты, жауапкершілігі үлкен өнер иесі.

МӘКЕ, Сізге, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке және зор табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы!