Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

17.08.20 4

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АҚНҰРДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз! 

ЕЛЕМЕСОВА Ақнұр Нұрқызы 1999 жылы 15 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясы жанындағы колледжін актерлік өнер (музыкалық драма) мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.
Ақнұр Елемесова осы уақыт аралығында оннан аса басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап, өзін сахна өнеріне берік қалыптасқан талантты актриса ретінде танытты.
Ақнұр Елемесованың көрермендерін мейлінше сүйсіндіре, сахна әлеміне ең алғаш жарқ етіп шыққан сәтті ролі - Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясындағы Айсұлу бейнесі болды.
Ақнұр Елемесованың соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:
  - Айжан Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа Күн!» ертегісінде Қошақан;
- Б. Бекжановтың «Жеті лақ» ертегісінде лақ;
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында Айткүл;
- Софы Сматаев пен Талғат Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасында көпшілік сахнасы ролі;
- Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында Гүлхан ханшайым;
- Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» символикалық драмасында Қыз;
- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Ұл мен қыз;
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Хатшы қыз;
- Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Айсұлу және басқа да бірқатар рольдер.
Ол, сондай-ақ, балаларға арналған ертегі қойылымдарда да берілген рольдерді үлкен жауапкершілікпен сенімді сомдап келеді.
А.Елемесова актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты ізденіс жасап жүретін еңбекқор актриса.
Елемесова Ақнұр болашағынан зор үміт күттіретін ынталы да талантты, жауапкершілігі үлкен өнер иесі.
АҚНҰР, саған, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке және зор табыстар тілейміз!
ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының
шығармашылық ұжымы!

17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20 17.08.20