Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

29.08.20 1

Бүгін 29 тамыз – Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі ЕРСІН ҚАЛЫБАЕВАНЫҢ туған күні!
Ерсін Қалыбаева 1952 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін «Театр актері, театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітірген.

1976 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актрисалық қызмет атқарып келеді. Осы жылдар аралығында ондаған басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап, өзін актрисалық шеберлігі толысқан өнер иесі ретінде танытты.
Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» сыған әйелі, Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» Ана, Ә.Жұмабаевтың «Гүлмирасында» Жібек, И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынында» Фатима, О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөңінде» Тәпә, Н.Оразалиннің «Қилы заманында», А.Бекбосынның «Домалақ енесінде», Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында» - көпшілік сахнасы рольдерінде және бірқатар балаларға арналған ертегілерде бекітілген рольдерді сомдап келеді.
Ерсін Қалыбаева Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс басшылығының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен, марапатталған.
Ұзақ жылдардан бері Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының белсенді мүшесі. Өмірлік жолдасы, белгілі актер, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ардагері Құрақ Оразбаев та осы өнер қарашаңырағының дамуына ұзақ жыл еңбек сіңірген айтулы өнер иесі. Ерсін әпкеміз бен Құрақ ағамыз бүгінде ұл қыздарынан тараған немерелеріне шежірелі ата-әже болып отырған үлкен әулет иелері.
ЕРСІН ӘПКЕ, Сіздің өнер жолындағы ұзақ жылғы жемісті қызметіңіз – кейінгі жастарға зор үлгі-өнеге! Туған күніңізді әрдайым шығармашылық ортамызда мерекелей беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы, шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

29.08.20 29.08.20 29.08.20 29.08.20 29.08.20 29.08.20 29.08.20 29.08.20 29.08.20