Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

09 09 2020 1

Бүгін, 9 ҚЫРКҮЙЕК – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының вокал репертиторы, талантты кәсіби маман ИГЛИКОВ ДИДАР АҚЫЛБЕКҰЛЫНЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ДИДАРДЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!


Игликов Дидар Ақылбекұлы 1989 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Алматы музыкалық колледжін «Хорда дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітірген.
Дидар Игликов Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері вокал-репетиторы қызметін атқарып келеді. Ол, осы уақыт аралығында театр артистерінің вокалдық біліктіліктерін арттыруға арналған топтық және жеке сабақтар өткізуде өзін шебер кәсіби маман ретінде танытты.
Балет труппасымен күнбе-күн тренаж жаттығуларын жүргізуімен артистердің іс-қимыл, әрекет шеберліктерінің дамып, жетілуіне зор үлес қосып келеді.
Жаңа дайындалған қойылымдар, сондай-ақ, театр репертуарындағы бұрыннан келе жатқан спектакльдер бойынша партиялар өткізіп, артистердің балеттік орындаушылық шеберліктерінің артуына зор ықпалын тигізіп, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіп отыр.
Тұрақты түрде жаңа орындаушылар дайындау, жас артистердің кәсіптік шеберліктерін арттыру бағытындағы жұмыстары да мақтауға тұрарлық.
Дидар Игликов өзін үнемі талпынысы зор, ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары маман ретінде танытып, театр басшылығы тарапынан алғыстарға ие болған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады. Дидар Игликов болашағынан зор үміт күттіретін ынталы да талантты, жауапкершілігі мол өнер иесі.
Біз, ұжымдастары, Дидарды өз ісінің білімді де білікті маманы ретінде мақтан тұтамыз, болашағынан үлкен үміт күтеміз. Жаңа жасың құтты болсын, Дидар!

ІЗГІ НИЕТПЕН ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының басшылығы, шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

09 09 2020 2  09 09 2020 3  09 09 2020 4  09 09 2020 5  09 09 2020 6  09 09 2020 7  09 09 2020 8  09 09 2020 10  09 09 2020 11  09 09 2020 12  09 09 2020 9