(«Арай» газеті, 3.09.2020 ж. № 35 (774) )
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – белгілі классик, халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы бойынша белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов дайындаған спектакльдің премьерасы 28 тамыз күні Тараз қаласындағы ежелгі тарихи орындардың бірі – «Төрткүл» керуен сарайында ашық аспан астындағы түнгі сахнада көрсетіліп, ол туралы талдау мақала «АРАЙ» газетінің 2020 ж. 3 қыркүйек күнгі № 35 (774) санында «ҒАШЫҚТАР РУХЫН ӘЛДИЛЕГЕН ӘУЛИЕАТА...» атты тақырыппен жарық көрді.
Мақала авторы – журналист Айсана НҰРБАП.
Фототілші – Алтынбек ҚАРТАБАЙ.