Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

 

15 09 2020 2

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ӘБУДІ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Шоңбаев Әбу Құрмантайұлы 1976 жылы 14 қыркүйекте Жамбыл облысы Тараз қаласында туылған.


Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халық аралық қазақ-түрік университетінде актерлық өнер мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1999 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр кездері театр репертуарындағы әр алуан жанрлардаға қойылымдарда басты, негізгі және жанама кейіпкерлерді сомдап, өзін шебер актер ретінде танытып келеді. Олардың бірқатарын атап өтсек, ол соңғы жылдарда театр репертуарындағы:
- Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында Асан және ауыл қариялары ролінде;
- А. Володиннің «Қос жебе» драмасында Қарақшы ролінде;
- Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайындары» драмасында Шал ролінде;
- Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Әбдіқадыр (колхоз бастығы) ролінде;
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Кейқуат ролінде;
- Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасында Балта ролінде; - Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Жігіт ролінде;
- Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» символикалық драмасында Жігіт ролінде;
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында Айбол ролінде;
- Болат Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясында Нұрбол ролінде;
- Сантөре Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісінде Аңшы Төбет ит ролінде;
- Мәлік Ақүрпековтың «Жақсы шәкірт» ертегісінде Ойшыл Ата ролінде және басқа да рольдерде ойнады.
Ә.Шонбаев, сондай-ақ, әр жылдары С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» - Үлкен ұл, И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынында» - Молда, О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Нөңінде» - Шал, А.Атымтаеваның «Кім патшасында» - Аю, Ж.Омаровтың «Құлыншағында» - Боз айғыр, И.Ғайыптың «Аждаһаның әлегінде» - Кинг-конг, Ә.Файзуллаұлының «Алтын Адамында» - Құйын, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Қойшы шал рольдерін сомдап, театр репертуарындағы қойылымдардың көпшілігінде сахна төрінен табылды.
Әбу Шоңьаев - облыс Әкімінің шығармашыл жастарға белгіленген сыйлығының иегері. Әр жылдары облыс әкімдігінің, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, мәдениет басқармасының, театр басшылығының және облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Ә.Шоңбаев өзінен кейінгі жас буын актерларды театр өнерінің қыр-сырына үйретіп, үлкен биіктерден көрінуге жетелеуге қабілет-қарымы зор актер. Ол 2005 жылдан бері Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі.
ӘБЕКЕ, Сіздің өнер жолындағы ұзақ жылғы жемісті қызметіңіз – кейінгі жастарға зор үлгі-өнеге! Туған күніңізді әрдайым шығармашылық ортамызда мерекелей беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы, шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

15 09 2020 3  15 09 2020 4  15 09 2020 5  15 09 2020 6  15 09 2020 7  15 09 2020 8  15 09 2020 9  15 09 2020 10