Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

26.10.20 3

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры артистерімен және қызметшілерімен Мемлекет басшысы, ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жаңа Жолдауының негізгі бағыттары мен талаптарын түсіндіру бойынша жалпы жиналыс өткізілді.

Биылғы Жолдау жарияланған күн - 1 қыркүйектегі Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, білім беру, мемлекеттік қызмет, қаржы-несие, банк ісі, әлеуметтік, өндірістік - экономикалық, ауыл шаруашылығы, жер және басқа да салалар мен секторларға қатысты бірқатар реформалардың дайындалып жатқанын аңғартты.
Жаңа Жолдауда айтылған, еліміздің алдағы уақыттағы даму кезеңінде бағыт - бағдарға алынатын: мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыру, қолжетімді сапалы білім беру, халыққа мәдени қызмет көрсетуді жақсарту сияқты келелі мәселелер - бір бүгінгі күннің ғана талабы емес. Сондықтан, Жолдауда айтылған мәселелер нақты орындалуымен, өміршең болуымен ғана құнды болмақ.
Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам және оның бақытты өмірі. Сондықтан еліміздің Президенті өз Жолдауында мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам, адам өмірі, адам денсаулығы, адамның толыққанды әлеуметтік жағдайы екендігін атап өтті. Білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысын көбейту, халықтың табысын көбейту, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір салтын ұстануы мен мәдени тынығуына тиісті жағдайлар жасау туралы айтты. Жолдауда айтылған барлық тапсырмалардың тиянақты орындалуы үшін әрбір азаматқа, әрбір маманға, әрбір басшы адамға кәсіби дағды, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік қажет, әділдіктен ешқашан айнымаған жөн, бізге ең басты керегі адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Театр ұжымы Жолдауда айтылған осы және басқа да барлық мәселелерге қызу қолдау білдіріп, ризашылық сөздерін жеткізіді.
Жолдаудың негізгі бағыттары мен мақсат-міндеттерін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Мәлік Ақүрпеков түсіндірді

26.10.20 4

26.10.20