Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

28 10 20 1

Бүгін, 28 ҚАЗАН – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса ИНДИРА МУСТАФАЕВАНЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ИНДИРАНЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Мустафаева Индира Абсаматқызы 1986 жылы 28 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжін «Актер өнері» мамандығы бойынша және осы университетті «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.


  Индира 2016 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып қызмет етеді.
Ол Жамбыл театрындағы актрисалық жолында бірқатар қойылымдарда басты рольдерді сомдап, актрисалық шеберлігімен танылды. Атап айтқанда, ол соңғы жылдары:
Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясында – Сайра;
С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясында - Гүлмайдан;
Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясында – Жансұлу;
Т.Нұрмағамбетовтің «Аса мәртебелі Сейф» драмасында - Мира;
Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - биші қыз; А.Бекбосынның «Домалақ ене» драмасында - Келін;
И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Сыған әйелі;
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» - жас әйел;
А.Володиннің «Қос жебесінде» - жауынгер әйел;
Н.Оразалиннің «Қилы заманында – базардағы әйел және басқа да бірқатар қойылымдарда негізгі кейіпкерлер рольдерін сомдады.
Индира, сондай-ақ, көптеген ертегі қойылымдарда:
«Құлыншақ пен бөлтірікте» - Ана бие;
«Жақсы шәкіртте» - Құмырсқа,
«Қошқар мен текеде» - Қасқыр, Қой;
С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында» - Бақ құсы;
«Ақ күшіктің туған күнінде» - Тауық рольдерін бейнеледі.
Индира актрисалық болмысы жағынан, әсіресе, комедия жанрындағы кейіпкерлерді аса шебер сомдауға бейім.
Ол сахна өнерінің қыр-сырын өнердегі аға буын ұстаздарынан үйренуде үнемі алғы шепте жүреді. Құдіретті сахна мектебінен өзі меңгерген шеберлік тұстарды өзінен кейінгі жас артистерге үйретуде де зор белсенділік танытып, әрдайым үлкен ізденістер үстінде еңбек етіп келеді.
Негізгі жұмысынан бос уақытта театрдың қоғамдық жұмыстарына белсенді ат салысады.
Өнердегі жетістіктері үшін облыс әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен театр басшылығы, Қазақстан Театр қайраткерлері одағы, сондай-ақ, облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан бірнеше рет Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталған.
Біз, әріптестері, ИНДИРАНЫҢ сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.


ТУҒАН КҮН ИЕСІН ІЗГІ НИЕТПЕН ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы, әріптестері!

28 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 228 10 20 2