Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

29 10 20 1

28 қазан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Баққожа МҰҚАЙ-дың «СЕРГЕЛДЕҢ БОЛҒАН СЕРІЛЕР!» атты комедиясының премьерасы өтті.
Жаңа қойылым премьерасы коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты, облыстың Бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысының талаптарына сәйкес БАҚ өкілдері мен сан жағынан шектеулі, 50-ге жуық көрермендердің арнайы медициналық маска тағып келу және театр залында бекітілген арақашықтыты сақтап отыру тәртібімен өтті.


Бұл комедия өткен ғасырдың 80-ші жылдары жазылса да, негізгі тақырыбы мен оқиғасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Көптеген бойжеткен қыздарымыз түрлі себептермен тұрмысқа шықпай, отырып қалған «кәрі қыз» атанып жүрсе, көп жігіттердің 30-дан, 40-тан асқанша «сүрбойдақ» болып жүруі бүгінгі заман¬да да көбеймесе, азайған жоқ. Комедия «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының мақсат-міндеттеріне сәйкес, осы өзекті мәселенің себеп-салдары мен өзектілігін бүгінгі режиссерлік көзқараспен тереңдете қаузап, жастарға жөн сілтеп, ой салу мақсатында дайындалды.
Комедияның авторы – белгілі жазушы-драматург Баққожа МҰҚАЙ.
Қоюшы-режиссері–белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық ҚАСЫМОВ.
Қоюшы-суретшісі–ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат САПАРАЛИЕВА.

29 10 20 2 29 10 20 2 29 10 20 2 29 10 20 2 29 10 20 2