Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

04 11 20 3

12 қараша күні, сағат 16:00-де, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанының қойылымы болады.
Коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.


Драмада есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да мөлдір махабаттың символы - Айша бибі мен Қараханның мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастаны баяндалады.
Сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы сол дәуір, сол кезең мәдениеті, өнері, өмір сүру қағидалары, жалпы Қараханидтер дәуірінің тылсым тіршілігі көрініс табады. Қойылым сол кезеңдерден бүгінге жеткен тарихтың ғажайып жауһарлары – киелі орындардың сакральды географиясын үғынуға жетелейді.
Қойылым барысында сатқындық пен зұлымдық ұлы мәртебелі ізгілік қасиеттермен майданға түседі.
Ақыры билікке таласушылардың мансапқорлық пиғылдарымен қос ғашықтың пәк сезімдері аяусыз тапталып, оқиға бейкүнә Айша арудың құрбан болуымен аяқталады.