Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

12 11 20 7

Қоңыр күз – қарашаның 11 жұлдызы күнгі сәрсенбісінде астаналық «Абай-TV» телеарнасының түсіру тобы Тараз қаласында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, көптеген бейнетүсірілімдер түсірді...
Оларға театрда сол күні көрсетілген, белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов сахналаған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясының премьерасын тамашалап, түсіріп алудың да сәті түсті.

Премьера соңында спектакльде Қозы Көрпеш бейнесін сомдаған жас артист Елжан Жармухамедов түсіру тобына қысқаша сұхбат берді.
«Абай-TV» телеарнасының түсіру тобы, сондай-ақ, театрдың көркемдік жетекшісі Мәлік Ақүрпековпен, театрдың қоюшы-режиссері әрі актрисасы Анар Сағымбековамен театрдың өткені, бүгінгі және алдағы жоспарлары жөнінде сұхбат құрды.

12 11 20 8