12 қараша күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанының қойылымы өтті.
Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтті.
Драмада есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да мөлдір махабаттың символы - Айша бибі мен Қараханның мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастаны баяндалады.