25 қараша күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының қойылымы болды. Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтті.
Қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази.
Қоюшы суретшісі – театрдың бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.
Трагедияның идеясы. Гамлет бейнесі арқылы сол уақыттағы қоғамдағы жоғары биліктің іріп-шіріген дағдарысы, тақ үшін таласқан биліктің арандатушылық әрекеттері бейнеленеді.