Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

29 11 20 1

Бүгін, 28 қараша – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актер РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВТІҢ туған күні!
РУСЛАН!
Туған күнгі басты тілек – денсаулық,
Денсаулық болса – сол байлық!
Қалған байлықтың бәрі-бәрі, сенде – бар!


Жоғың болса, табылар, оны табар – күшің бар,
Өнер деген – ешқашанда өлмейтұғын ісің бар!
Өнеріңді бағалайтын – көрермен деген елің бар,
Қасиетті сахнаға күнде тамған адал-еңбек, терің бар!
Ең бастысы өзіңде – өнерге деген Махаббат пен Сенім бар!
Сахнада сен:
Бірде – Оғұлшақ ханның Яхудидей кәнігі уәзірісің,
Бірде – комедиялардың көзірісің!
Бірде – Қызыл Ыбырайдай батырсың,
Бірде – Атаман боп, бір өзің он актерға татырсың!
Бірде – «Ақан серідегі» Сердәлісің,
Бірде – Томиристің Бахтиярдай сарбазысың!
Бірде – Айтматовтың кейіпкерісің,
Бірде – «Қос жебедегі» жүргіш, еліктегішсің! «Қазақтар» мен «Апандағы адамдарда» - молда болып шығасың,
Енді бірде – Шәмшіден Изольданы қызғанған Алекодай сығансың!
Ертегінің бәрінде – Алдар көсе мен Қожанасырсың,
Одан да бөлек ойындарың – бірде әнші, бірде жыршы, бірде ақынсың!
Осыншама кейіпкердің бейнесі мен жүріс-тұрыс, мінездерін ойнатқан,
РУСЛАНДАЙ МЫҚТЫ АКТЕРГЕ,
ДЕНСАУЛЫҚ БЕР,
АТАҚ-АБЫРОЙ,
ЗОР БАЙЛЫҚ БЕР, ЖАРАТҚАН!
ТУҒАН КҮНІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, РУСЛАН! Ізгі ниетпен:
Асқар Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...

29 11 20 2

29 11 20 3

29 11 20 4