Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

02 12 20 2

2 желтоқсан – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, белгілі сахна шебері, талантты актер, композитор МӘЛІК АҚҮРПЕКОВТІҢ  туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Мәлік Ақүрпековті туған күнімен құттықтай отырып,  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!


М.Ақүрпеков Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2002 жылдан бері актерлық, 2015 жылдан бері Көркемдік жетекші қызметін атқарып келеді. Осы уақыт аралығында қасиетті сахнада әр түрлі жанрлардағы көптеген драмалық қойылымдарда 30-дан аса  басты рөлдерді сомдады. 
Олардың ішінде көрермен мен театртанушылардың ерекше ықыласына бөленген рольдері: У.Шекспирдің «Отеллосындағы» - Отелло, Г.Гориннің «Атың өшсін, Геростратындағы» - Герострат, А.Бекбосынның «Домалақ енесіндегі» - Бәйдібек би, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасындағы – Қасым хан, Ә.Әмзеұлының «Кейуана» драмасындағы – Құрбан, М.Байджиевтің «Құдалар» драмасындағы – Есет, О.Бодықовтың «Жан азабында» - Мұқағали, «Қызғыш құс» моноспектаклінде – Махамбет, Баймағамбет сұлтан, Ықылас, Мұқағали, Е.Әлімжанның «Полковниктің жазбаларында» - Бауыржан Момышұлы, У.Шекспирдің «Ричард-ІІІ» трагедиясында – Ричмонд, Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісінде» - Өкіл, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясында – ИКС, М.Хасеновтің «О, Махаббат!» комедиясында – Есен, Н.Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасында Тұңғатар қажы, Прокурор, М.Байтуовтың «Асқаровтың аққайыңдарында» - Соломенцев, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Жалмұқан, Ш.Мұртазаның «Тұрар.Сталинге хат» реквиемінде – Сталин, Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында – Оғұлшақ хан  және басқа да көптеген  рольдерді  айрықша шеберлікпен сомдап, театртанушылар тарапынан лайықты бағасын алды және арнайы марапаттауларға ие болды.
2015 жылдың қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сахналанған Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасында сомдаған Қасым хан ролі үшін мереке ұйымдастырушылары мен облыс әкімдігі тарапынан  «Қазақ хандығының 550 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды  және арнайы мараптаттарға  ие болды.
2017 жылы сәуір айында театр артистерін Ақтөбе қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық экспериментальды қойылымдар фестиваліне театр ұмымын  экспериментальді қойылым «Қыз Жібек» саун-драмасымен дайындап апарып, нәтижесінде театр ұжымы «Ең үздік спектакль» номинациясы бойынша белгіленген  сыйлығын жеңіп алды.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 2-12 маусымы аралығында театр труппасы «Қыз Жібек» саун-драмасымен Румыния елінде өткен Халықаралық театр  фестиваліне қатысып, «Ең үздік танымал театр» және «Ең үздік дала спектаклі» номинациялары бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Осы жетістіктердің бәрінде театрдың Көркемдік жетекшісі М.Ақүрпековтің еңбегі зор.
2017 жылы елімізде өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өткізілген Жамбыл облысының мәдени күндері шараларының сценарийлерін дайындап, ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін облыс басшылығы тарапынан марапаттауларға ие болды.
М.Ақүрпеков, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында театр ұжымын Б.Жандарбековтің «Томирис» драмасымен  Ақтөбе қаласында өткен  Халықаралық экспериментальды қойылымдар фестиваліне, 2019 жылдың   маусым айында Қ.Қасымовтың «Қыз Жібек» саунд-драмасымен  Татарстанның Қазан қаласында өткізілген  «Науруз-2019» Халықаралық театр фестиваліне дайындап  апрарып, нәтижесінде  театр аталған екі өнер додасында да  арнайы дипломдарға ие болды.
М.Ақүрпеков киноактер ретінде де бірнеше фильмдерде басты рольдерді сомдаған.
Ол, сондай-ақ,  театр режиссурасында да өзіндік қолтаңбасымен танылып,  сахналаған қойылымдары көрермен мен театртанушылар тарапынан  лайықты бағасын алған талантты  режиссер. Оның әр жылдары балаларға және ересектерге арнап сахналаған шығармалары театр репертуарынан берік орын алған.
Театрдың Көркемдік жетекшісі  ретінде, ағымдағы репертуар мен жаңа қойылымдарды талдап, сараптау кезінде жоғары біліктілігі мен білімпаздығын танытып, өзіне жүктелген міндеттерді үлкен белсенділікпен атқарады.
Балаларға арналған «Жақсы шәкірт» және т.б. бірнеше ертегілердің авторы ретінде танылып, драматургтік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер.
Көптеген орыс драматургтерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, сахналаған аудармашы-сценограф.
Ол, облыс көлемінде өткізілетін түрлі мерекелік және басқа да мәдени-көпшілік іс-шаралардың сценарийлерін жазып, ұйымдастыруда үлкен шеберлігімен танылған мықты ұйымдастырушы.
Республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының 1-ші орын иегері. Б.Момышұлының 100 жылдығына орай қойылған «Полковниктің жазбалары» спектакліндегі Бауыржан бейнесін сомдағаны үшін ҚР Мәдениет министрлігінің арнайы дипломымен,  Жамбыл облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Бірнеше рет Республикалық театр фестивалдарының лауреаты атанған.
  Мәкең сондай-ақ, бірқатар әндерімен танылған талантты композитор. «Жамбылым – жыр әнім» атты жергілікті композиторлар байқауының 1 орын иегері. Мәкеңнің  «Елімді сүйем», «Туған жер» «Жамбылым», «Бір күн», «Қуаныш», «Жүрек сыры», «Аңсадым», «Әке», «Кетейін десем сен барсың», «Қорлан», «Қайдасың», «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» және басқа да әндері, Астана қаласының 10 жылдығында арнап жазылған «Астана» әні ел қошеметіне бөленген.

Ізгі ниетпен:
Асқар Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...