Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

08 12 20 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында, 2020 ЖЫЛДЫҢ 8-ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ САҒАТ 16.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жалынды күрескер, айбынды Алаш арысы, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобалары аясында сахнаға дайындалған жаңа қойылым Ш.Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» драмасының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) өткізілді. Қойылымның қоюшы-режиссері: Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Тұңғышбай әл-ТАРАЗИ. Қоюшы-суретшісі: Айгерім Рамазан.