Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

10 12 20 7

10 желтоқсан – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, талантты жас актер АЗАМАТ ШАКЕНБАЕВТЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Азаматты туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Азамат 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма және кино актері мамандығы бойынша бітіріп келіп, сол уақыттан бері Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлік қызмет атқарып келеді.


Осы уақыт аралығында Азаматты көрермен сахна өнеріне жетік қалыптасқан шебер актер ретінде танып, білді. Азамат, әсіресе комедия жанрындағы қойылымдарда сомдаған кейіпкерлерінің бейнелерін әр қырынан құбылтып шығаруға бейім, шебер актер.
Азамат соңғы кездері:
- Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасында Сәдір ролін;
- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Жігіт ролін;
- Софы Сматаев пен Талғат Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасында көпшілік сахнадағы рольде;
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында Ержан ролін;
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Киікбай ролін;
- Болат Бекжановтың «Жеті лақ» ертегісінде Лақ ролін;
- Шерхан Мұртазаның «Тұрар.Сталинге хат» реквиемінде Нұрбедел рөлін және басқа да бірқатар қойылымдарда негізгі және эпизодтық рольдерді сомдап келеді.
Біз, ұжымдастары, Азаматтың өнер жолында зор биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.
Өнер жолында самғап, шарықтай бер, биіктей бер, Азамат!


ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...