Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

13 12 20 2

12 желтоқсан – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, талантты актер АБЗАЛ ДӘУЛЕТБАҚОВТЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АБЗАЛДЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!


Дәулетбақов Абзал Мейрамбекұлы 1985 жылы 12 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Тараз қаласындағы № 38 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2010-2015 жылдары Тараз қаласындағы № 4-ші «Балдырған» балабақшасында ән үйірмесі жетекшісі қызметін атқарған.
  2016 жылдан бері Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болып еңбек етеді.
Абзал театр репертуарындағы көптеген жаңа қойылымдарда басты рольдерді сомдап, өзін аса талантты да шебер актер ретінде танытып келеді.
Абзал Дәулетбақов сомдаған Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздыр-ай!» комедиясындағы - доцент Хасен, Б.Есеналиевтің «Асқаровтың аққайыңдары» драмасындағы - Ақын, Е.Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясындағы – Дәрібай, Ғ.Мүсіреповтің Ақан сері-Ақтоқты» драмасындағы - Мылқау палуан, А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасындағы - Қарақшы, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» драмасындағы - террорист, А.Атымтаеваның «Жаңғырған жаңа күніндегі» - Алпамса дию, С,Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы – Тышқанбай Жырықбаев, Н.Оразалинның «Қилы заман» драмасындағы – базаршы қазақ, А.Володиннің «Қос жебе» драмасындағы – Дәу қарақшы, Ш.Мұртазаның «Тұрар.Сталинге хат» реквиемінде – Молотов, А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық-ай» композициялық қойылымында – Абай, У.Шекспир «Гамлет» трагедиясында – Актер, С.Пірманов пен А.Сағымбекованың «Ертегілер еліне саяхат» ертегісінде - Джин бейнелері бүгінде көрерменнің көзайымына айналып келе жатқан аса сәтті шығарған рольдері.
Біз, ұжымдастары, Абзалдың сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.
Өнер жолында самғап, шарықтай бер, Абзал!

ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!