Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

13 12 20 16

Бүгін, 13 ЖЕЛТОҚСАН – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса әрі режиссердің көмекшісі ГАУХАР СҰЛТАНБЕКОВАНЫҢ туған күні!
ГАУХАР!


Бүгін сенің туған күнің, алтын қыз,
Сені бүгін құттықтауға, бәріміз,
Бар шабытты шақырып,
Ақын болып жатырмыз!
Бар болмысың өнер үшін жаралған,
Сен – өнерден, өнер сенен нәр алған!
Біз арнайтын жүрекжарды ақ тілек,
Ортамызға сені алып, шырқайтын,
Туған күнге арналған,
Ән-жырымыз таусылмасын, Гаухар-жан!
СҰЛТАНБЕКОВА Гаухар Орынқызы 1984 жылы 13 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін актер өнері мамандығы бойынша бітірді..
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2009 жылдан бастап актриса болып еңбек етеді. Қазіргі уақытта режиссердің көмекшісі қызметін де қоса атқарып келеді.
Гаухар - тек соңғы жылдардың өзінде 20-дан аса қойылымдарда басты және негізгі рольдерді сомдап, театртанушылар мен көрермен тарапынан лайықты бағасын алып жүрген талантты актриса.

Сомдаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек:
И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында - сыған әйелі; Ш.Айтматовтың «Ана – Жер - ана» символикалық драмасында - қырғыз қызы; С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір такси» мелодрамасында - Клара; Ә.Жұмабаевтың «Гүлмира» драмасында - Гүлмира, К.Касеновтің «Рахмет, Сізге!» мультимедиясында - Әйел; Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасында - Ләйла; Б.Ұзақовтың «Жан дауа» трагедиясында- Қыз; Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясында – мектеп директоры; Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» драмасында - қыз; Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасында - Гүлжамал; С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында - Мехри; А.Атымтаеваның «Кім патша» ертегісінде – Түлкі, Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісінде - Боз бие, С.Пірмановтың «Қоңыр қозы хикаясында» - Тиін; О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөң» комедиясында - Зымзия; М.Байджиевтің «Қалыңдық пен күйеу» драмасында - Қалыңдық, Мәлік Ақүрпековтың «Жақсы шәкірт» ертегісінде - Бәйшешек; Айжан Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа күн!» ертегісінде - Ұмай Ана; А. Володиннің «Қос жебе» драмасында - Жесір әйел; С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісінде - Бақ құсы; Б.Бекжановтың «Өмір» драмасында - көрші әйел, Б.Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында - қыз; Е.Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясында - Еңлікгүл; А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында келін; Қ.Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасында Қыз, С.Пірманов пен А.Сағымбекованың «Ертегілер еліне саяхат» ертегісінде – Малефисента, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» трагедиясында - Қыз ролінде, А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» композициялық қойылымында көпшілік сахнада ойнады.
2013 жылы театр «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты халықаралық театр фестиваліне К.Касеновтің «Рахмет,сізге!» мультимедиялық спектаклімен қатысып, бас жүлдені жеңіп алғанда, Гаухар Сұлтанбекова осы қойылымдағы ойыны үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы жүлдесіне ие болды.
Біз, ұжымдастары, Гаухардың сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.
Өнер жолында самғап, шарықтай бер, Гаухар-жан!


ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!