Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

19 12 20 1

Атымтаева Айжан Байырбекқызы 1963 жылы 18 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.
1986 Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры жанындағы театр студиясында оқып, «Драма және кино актері» мамандығы бойынша бітірді.
1986 жылдан Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына актриса болып қабылданып, осы күнге дейін қызмет етіп келеді.
А.Атымтаеваның үлкен ізденіс пен талпыныс үстінде жасаған образдары мен актерлық шеберлігі өнертанушылар мен театр сыншылары тарапынан сан мәрте мойындалып, лайықты бағасын алған.


Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы М.Байжиевтің «Тіл табысқандарында» Сүйімхан, И.Содиковтің «Әпендінің бес қатынында» Зүбайра, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» сыған әйел, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасында» төзімді әйел, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Қой, Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Құс, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Әйел, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Ана, Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында!» Ана және т.б. көпшілік сахнасы бейналерін шебер сомдап, көрермендер көзайымына айналып келе жатқан актриса.
А.Атымтаева өзінің драматургтік қырынан да танылған өнер иесі. Оның қаламгерлік қабілетінен туған «Қыз қасқыр» ертегі-аңызы, балаларға арналған «Кім патша» ертегісі жас көрермендерге ерекше әсер беріп, сахнада ұзақ уақыт қойылған қойылымдар.
Айжан Атымтаева көп балала ана. 2010 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» белгісімен марапатталған.
А.Атымтаеваның театр өнеріне сіңірген еңбегі бағаланып, әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, ҚР Театр қайраткерлері одағының, театр басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды. 2016 жылы «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды.
  Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.

ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!