Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

19 12 20 12

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Мамбет Қожалиевті туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Қожалиев Мамбет Әуезбайұлы 1979 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында туған.


2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген.
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2008 жылдан бері актер болып қызмет атқарып келеді.
Ол осы уақыт ішінде өз ізденісі мен талабының жемісі ретінде көптеген режиссерлердің назарына ілігіп, әр жанрдағы спектакльдерде басты ролдерде ойнау мәртебесіне ие болды. Соның нәтижесінде тек соңғы үш жыл көлемінде 20-дан аса басты, негізгі рольдердіі сомдады.
Олардың бірқатарын атап өтсек, ол соңғы жылдары:
- Нұрлан Оразалиннің «Қилы заман» драмасында Рахымбай болыс; - Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайыновтың «ҚАЗАҚТАР» тарихи драмасында Мұхаммед Шайбани; - Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында Алеко; - Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында Қара Хайдар; - А. Володиннің «Қос жебе» драмасында Шешен; - Қ. Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасында Бекежан батыр; - Б. Жандарбековтің «Томирис» драмасында Рустам батыр; - Әлібек Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясында Инспектор Қарабай; - Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайындары» драмасында Золин;  - Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Әубәкір (ақын); - Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Бәку; - Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасында Мұрат; - Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Таңсықбаев, Көкетай; - Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» символикалық драмасында Қасым және Жігіт; - Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында Өстамур (Қараханның серігі); - Софы Сматаев пен Талғат Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасында Нұрбақыт; - Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында Батыр; - Болат Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясында Ұзын-қысқа, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясында – Шер, Жантық, С.Пірманов пен А.Сағымбекованың «Ертегілер еліне саяхат» ертегсініде – Джин, Ш.Мұртазаның «Тұрар.Сталинге хат» реквиемінде – Каганович, А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық-ай» композициялық қойылымында – көпшілік сахнасында және тағы басқа бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде басты, негізгі рольдерді сомдады.
Мамбет Қожалиев, сондай-ақ, әр жылдары Дарио Фоның «Байы бар - басы бос» шығармасында - Мамбретти, Е.Әлімжанның «Төле биінде» - Төле би, Ш.Мұртазаның «Домалақ анасында» - Сібе, К.Касеновтің «Рахмет, Сізге!» туындысында - Адам, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» - Матрос, Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірігінде» - Көкжал қасқыр, У.Шекспирдің «Отеллосында» - Яго, Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісінде» - Ұры және басқа да қойылымдарда басты рольдерді аса тартымды сомдап, театртанушылар мен көрермен тарапынан лайықты бағасын алып, талантты актер ретінде танылды.
М.Қожалиев бірнеше фильмдерге түсіп, киноактер ретінде де танылып жүрген өнер иесі. Ол «Тар заман» және «Кейкі мерген» кинофильмдерінде Алаш ардақтысы – Міржақып Дулатовтың ролін ерекше шеберлікпен сомдап, көрермендер мен кинотанушылар тарапынан лайықты бағасын алды.
Мәдениет пен өнер саласын дамытудағы белсенді еңбектері үшін әр жылдары облыс әкімінің, мәдениет басқармасының, театр басшылығының Алғыс хат, Грамоталарымен марапатталды.

ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!