Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Бүгін, 10 ҚАҢТАР – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса СЫМБАТ НҰРСЕЙІТОВАНЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан СЫМБАТТЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!


НҰРСЕЙІТОВА Сымбат Есенғалиқызы 1999 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2018 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін сөйлеу жанрының артисі мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актрисалық қызмет атқарып келеді.
Сымбат Нұрсейітова осы уақыт аралығында бірнеше басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап, өзін сахна өнеріне қалыптасқан шебер актриса ретінде танытты.
С.Нұрсейітова қойылымдардағы әр алуан характерлі қыздар образын режиссерлік шешімге сәйкес шебер шығара алатын талантты актриса. Сахна төрінде ол шығарған Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Қатира бейнесі, Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Айткүл бейнесі және басқа да рольдері өте жанды да сенімді шығуымен ерекшеленіп, көрерменін тәнті етіп келеді.
Сымбат Нұрсейітованың соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Қатира ролі.
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Айткүл ролі, А.Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық-ай" поэтикалық композициялық қойылымында - Тоғжан, У.Шекспирдің "Гамлет" трагедиясында - Артист, С.Пірманов пен А.Сағымбекованың "Ертегілер еліне саяхат" ертегі қойылымында - Лол, Ш.Мұртазаның "Тұрар.Сталинге хат" реквиемінде көпшілік сахнасында және тағы басқалар. Сондай-ақ, бірқатар балаларға арналған ертегі қойылымдарда да берілген рольдерді үлкен жауапкершілікпен сенімді сомдап келеді.
Сымбат Нұрсейітова актерлік шеберлігін арттыруға ынта-қабілеті зор, берілген рольдерді орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол өнер иесі. Ол театр басшылығы тарапынан бірнеше Алғыс хаттарға ие болған.
Біз, ұжымдастары, СЫМБАТТЫҢ сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз. Өнер жолында самғап, шарықтай бер, СЫМБАТ!

ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!