Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

10 01 21 7

 

Бүгін, 10 ҚАҢТАР – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актер НҰРСҰЛТАН МАХАНОВТЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Нұрсұлтанды туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!


Маханов Нұрсұлтан Қуанышұлы 1992 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам селосында дүниеге келген.
2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылдан облыстық қазақ драма театрында актер болып қызмет атқарады.
Ол, осы уақыт аралығында өзі сомдаған кейіпкерлерді жанды бейнелей алатын, актерлік шеберлігі толысып келе жатқан, өнер иесі екендігін танытты.
Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген басты рольдерді сомдап, жоғары актерлық шеберлігімен танылып келеді.
Осы уақыт аралығында А.Володиннің «Қос жебесінде» - көпшілік сахнасында, Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббатында» - Жасболат, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - Мұрат, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Шахрух сұлтан, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - Мойынсыз, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Нүке, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - көпшілік сахнасында, сондай-ақ, көптеген балаларға арналған ертегі-қойылымдарда жан-жақты актерлық шеберлігімен көзге түсті.
Атап, айтқанда, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Ақсақ қасқыр, Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Азат, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Құмырсқалар, Б.Соқпақбаевтың «Қожанасыр келе жатырында» - Қоңырбай бай, Ж.Омаровтың «Құлыншағында» - Бөрлен, А.Атымтаеваның «Кім патшасында» - Аю, Б.Бекжановтың «Жеті лағында» - Әтеш, С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқасында» - Төбет ит, Е.Әбдірешовтің «Алтын мүйізді киігінде» - Домалақ, Б.Мұқайдың "Сергелдең болған серілер" комедиясында - Жанислам, А.Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық-ай" поэтикалық композициялық қойылымында, Ш.Мұртазаның "Тұрар.Сталинге хат" реквиемінде, Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" трагедиясында көпшілік сахнасында және т.б. ертегілерде бекітілген рольдерде ойнады.
Н.Маханов театр өнерінің дамуына қосқан үлестері үшін Мәдениет басқармасының, театр басшылығының және Қазақстан Театр қайраткерлері одағының марапаттауларына ие болған.
Біз, ұжымдастары, Нұрсұлтанның сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз. Өнер жолында самғап, шарықтай бер, Нұрсұлтан!

ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!