Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

31.03 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2021 жылдың 30-наурызы күні сағат 18.30-да биылғы жаңа қойылымдардың бірі - Г.Хугаевтың «ШЕКПЕН» әпсанасының тұсаукесері (премьерасы) өтті.

Қоюшы-режиссері – Кенен Ақүрпеков, «Серпер» Жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі
Қоюшы суретшісі – Айгерим Амангелды
Музыкамен көркемдеуші – Алишер Оралбаев
Балетмейстер – Бақытжан Айманов
Режиссердің ассистенті – Мамбет Қожалиев

Шығарма оқиғасының астарында шекпен жамылған жануарлар арқылы адамдардың шынайы болмысын ұқтыру, пендешілігі мен қатыгездігін көрсету, кейбір сәттердегі моральдық азғындығын әшкерелеу секілді терең философиялық мағына жатыр.
Жаңа қойылым премьерасы пандемияның әлі де толастамай отыруына байланысты БАҚ өкілдері мен сан жағынан шектеулі көрермендердің арнайы медициналық маска тағып келу және театр залында бекітілген арақашықтыты сақтап отыру тәртібімен болды.

31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1 31.03 1