Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

20.04 10 20.04 10

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы атынан: Асқар Тоқпанов ағамыз бен өмірлік жары Күлән апайдан тараған алты ұл-қыздың бірі - ЛӘЗЗАТ АСҚАРҚЫЗЫ ТОҚПАНОВАНЫҢ 70 жастан асқан шағында өмірден озуына байланысты, марқұмның отбасына, балаларына және барша Тоқпановтар әулетіне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Марқұм Ләззат Асқарқызының жаны жұмақтан табылып, жатқан жері жайлы, алды пейіш, арты кеніш болсын.

...Ләззат Асқарқызы әкесінің аты берлілген Жамбыл облыстық қазақ драма театрына 2019 жылы арнайы шақырумен келген болатын.
...Иә, күні кеше ғана, 2019 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облыстық қазақ драма театрына Асқар Тоқпановтың есімі берілуіне орай театр ғимараты алдына орнатылған Асекеңнің ескерткішінің ашылу салтанатына Ләззат Асқарқызы бастаған Тоқпанов ұрпақтары ерекше қуанышпен келіп, қасиетті Тараз жеріндегі сол іс-шараға қатысқан еді.
Сол іс-шарада сөз сөйлеген Ләззат Асқарқызы: өмір бойы Асқар Тоқпановтай әкесі мен Күлән Закаринадай анасын мақтан тұтып өтетінін, әкесінің көпшіл, сауықшыл, өте шешен, домбырада шебер ойнайтын әнші, күйші де болғанын, өздерінің әке-шешеден 6 ұл-қыз екендіктерін айтқан болатын...
Сондағы Ләззат апайдың айтуы бойынша: Асқар Тоқпанов пен Күлән Закарина апайдың тұңғыштары: Зейнет Асқарқызы - 1938 жылғы, мамандығы бойынша театртанушы, бертінде қайтыс болған.
Одан кейінгі қыздары: Жаннет Асқарқызы - 1939 жылғы, мамандығы бойынша полиграфист, бертінде өмірден озған.
Асекеңнің үлкен ұлы Арыстан Асқарұлы – 1941 жылғы, мамандығы бойынша экономист, 2014 жылы қайтыс болған. Асекеңнің осы ұлынан тараған немересі Тоқпанов Аян Арыстанұлы қазір атасының мұралары мен еңбектерін жинақтап жүр.
Асекеңнің одан кейінгі ұлы Алтай Асқарұлы – 1945 жылғы, мамандығы бойынша киносценарист, қазір Алматы қаласында тұрады, отбасылы, ұрпақтары бар.
Бізге осы мәліметтерді берген марқұм Ләззат Асқарқызы – 1949 жылғы, мамандығы бойынша экономист еді.
Асқар Тоқпанов пен Күлән Закарина апайдың ең кенжелері Айбол Асқарұлы – 1954 жылғы, мамандығы бойынша тарихшы, қазір Алматы қаласында тұрады, отбасы, ұрпақтары бар.
Қазақстан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, театр мектебін, театр өнері педагогикасын, қалыптастырушы Асқар Тоқпановтай тау тұлға ұрпақтарына қазаның арты қайырлы болсын, арты той болсын дейміз!

КӨҢІЛ АЙТУШЫЛАР: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы