Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

22.04 8

ӘРІПТЕСІМІЗ, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, белгілі сазгер, әнші ӘБИІРБЕК БЕРДЕНҰЛЫ ТІНӘЛІНІ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Әбекеңді туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Тінәлі Әбиірбек Берденұлы 1957 жылы 22 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Ойық» совхозында дүниеге келген.
1977 жылдан бері театр өнері саласында еңбек етеді. 2016 жылға дейін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында музыка бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері.
Ә.Тінәлі композитор ретінде театр репертуарындағы У.Шекспирдің «Отелло», М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі», Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» драмалары бойынша дайындалған сахналық қойылымдарды музыкалық жағынан әрлеп, олардың сахнаға сәтті шығарылуын қамтамасыз етті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып қойылған Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасына арнап, сондай-ақ, Б.Бекжановтың «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңіне арнайы ән жазды.
Ә.Тінәлі соңғы жылдары театр репертуарындағы:
- Н.Оразалиннің «Қилы заман» драмасында - Патша офицері Подпороков;
- Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында Қараханның тәлімгері - Шоман-Дүр;
- Ғ.Мүсіреповтың «Ақан Сері-Ақтоқты» драмасында - Қоңқай;
- С.Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Киізқазық Шудабаев;
- У.Шекспирдің «Гамлетінде» - Актер;
- Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясында Қария;
- Г.Хугаевтің «Шекпен» әпсанасында – Қара қарға және тағы басқа бірқатар қойылымдарда негізгі рольдерді сомдап келеді.
Еліміздің ән өнерінде Ә.Тінәлінің «Анамның тілі», «Желтоқсан желі», «Фариза», «Толғанай», «Мұнар», «Ұрпақ үні», «Мұңлық» және басқа да әндері кең танылып, халықтың рухын асқақтатып, жас ұрпақты елін, тілін, Отанын шексіз сүюге үндеп келеді.
Ә.Тінәлі театр өнеріндегі ұзақ жылғы жемісті еңбегі және сазгерлік, әншілік еңбектері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған. Соңғы жылдары театр өнерінің дамуына, ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттап, халыққа рухани тәлім-тәрбие беруге сіңірген ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2019 жыл), Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңестің «Ұлт қайраткері» құрметті атағымен (2018 жыл), еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Әуендер әлемі» алаңына есімі жазылған куәлікпен (2019 жыл), Тараз қаласының «Құрметті азаматы» медалімен және бірнеше Құрмет Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының
басшылығы мен шығармашылық ұжымы

 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1 22.04 1