Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы мен қызметкерлеріне театр директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Жұмабеков Болатбай Балтабайұлы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.

Ресми бекітілім бойынша 28 сәуір күні - Еңбекті қорғаудың Дүниежүзілік күні. Бұл атаулы күн жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінде аталып өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы 28 сәуір күні американдық және канадалық жұмысшылардың өндірісте қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген акцияларынан бастау алды.
Б.Жұмабеков өз дәрісінде Еңбекті қорғаудың Дүниежүзілік күніне қатысты осы деректерді таныстыра келе, әрбір қызметші мен шығармашылық адамы театр цехтарындағы және сахнадағы жұмыстарды барлық техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүргізуге, өзінің және өзімен бірге жұмыс жасайтын әріптестерінің қауіпсіздігін сақтауға, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білуге, техникалық қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша қағидалардың, нұсқаулықтардың, нормалардың талаптарын сақтауға жауапты екендігін атап өтті.
Дәріскер, сондай-ақ жұмыс барысында орын алған жарақаттанудың, құрал-жабдықтардың істен шығуының әрбір оқиғасы немесе қауіп-қатер төндіріп тұрған ықтимал себеп-салдарлар, өрттер туралы алдын-ала белгілі болған жайттарды театр басшылығына хабарлау қажет екендігін ескертті.

26.04 2 26.04 2 26.04 2