Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

ТЕАТРДЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОЙЫЛЫМЫ АЛДЫНДА,
ТУЫНДЫ АВТОРЫ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛІП,
БІР МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛЫНДЫ

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы және көрермен қауым театрдың биылғы жаңа қойылымның бірі – «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясының кезекті сеансы алдында жуырда ғана дүниеден өткен аталған туындының авторы, белгілі драматург, кинодраматург, Қырғызстанның халық жазушысы және еңбек сіңірген қайраткері, Токтогул атындагы мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасының Төлеген Айбергенов атындағы және Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтарының лауреаты, III-дәрежелі Манас, Даңк ордендерінің иегері БЕКСУЛТАН ЖАКИЕВ-тің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Көрермендер содан соң, аталған қойылымды тамашалады.

КазакДрамаТеатры Бекжанов Болат Умбеталиевич