Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

04.05 2

ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКА ӨНЕРІ ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫҒА ДУШАР БОЛДЫ...

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы қазақ өнерінің шоқтығы биік жұлдызы, әнші, композитор, музыкант, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мемлекетіміздің ең жоғары наградасы – «Отан» ордені мен басқа да көптеген орден, медальдардың иегері ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты барша қазақ халқына, марқұмның отбасы мен бауырларына, туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Ескендір ағамыздың өмірден озуы барша қазақтың қабырғасын қайыстырды. Миллиондаған тыңдарманы мен көрермендерінің жүрегінен жол тапқан Ескендір Хасанғалиев ағамыз – тек Қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем халқы мойындаған өнер дарабозы еді.
Ескендір Хасанғалиевтің «Әдемі-ау!», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен», «Анаға сәлем», «Есіңе ал!» және басқа да ондаған әндері қазақтың музыка әлемінің алтын қорында да, әр қазақтың жүрегінде де мәңгі сақталары ақиқат.
Марқұмның жатқан жері жарық, алды пейіш, арты кеніш болсын.
Ескендір Хасанғалиев ағамыздың жарқын бейнесі, артында қалған өшпес ән мұрасы халқымызбен, елімізбен бірге мәңгі жасап, ұрпақ санасында жаңғырып сақтала бермек.


АУЫР ҚАЙҒЫҒА ҚАЙҒЫРЫП, КӨҢІЛ АЙТУШЫЛАР:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма
театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы