Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

11.05.21 25

Бүгін 10 мамыр – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының   көркемдік жетекшісі, актрисасы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» АНАР САҒЫМБЕКОВАНЫҢ туған күні!

Сағымбекова Анар Бақытқызы 10.05.1978 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің актерлік бөлімін бітірген. 1998 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында қасиетті сахнада әр түрлі жанрлардағы көптеген драмалық қойылымдарда 50-ге жуық басты және негізгі кейіпкерлер ролін сомдады.
Ол актрисалық шеберлігі жан-жақты толысқан, актерлық өнердің теориясы мен практикасын терең меңгерген, режиссерлық қырынан да мейлінше танылып, сахнаға дайындаған шығармалары театр сыншылары мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған, талантты өнер иесі, біліктілігі мен қабілеті зор ұйымдастырушы.
А.Сағымбекова тек соңғы үш-төр жыл көлемінде театр репертуарындағы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Изольда, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-анада» - Жер-ана және Әлиман, Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашында» - Әлия, М.Байжиевтің «Тіл табысқандарында» - Сүйімхан, Дарио Фоның «Байы бар-Басы бос» трагикомедиясында – Антония, Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірігінде» Ана дала, И.Содиковтің «Әпендінің бес қатыны» комедиясында - Зүбайда, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» драмасында – Нагир ханум, Т.Нұрмағамбетовтің «Аса мәртебелі Сейфінде» - Дариға, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Рухия, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» - Мадина-Магдалина, Б.Жандарбековтың «Томирис» экспериментальды драмасында - Томирис, У.Шекспирдің "Гамлет" трагедиясында-Королева Гертруда образдарын және т.б. бірқатар көпшілік сахна рольдерін ерекше шеберлікпен сомдады.
А.Сағымбекова, сондай-ақ, режиссерлік қарым-қабілетімен де танылып жүрген талантты өнер иесі. Ол театрдың ағымдағы репертуарындағы бірнеше қойылымдар мен балаларға арналған ертегілердің қоюшы-режиссері. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Қ.Қасымовтың "Желсіз түнде жарық-ай..." поэтикалық - композициялық қойылымын, сондай-ақ Б.Бекжановтың "Айболит пен қарақшы", С.Пірмановтың "Ана-дала",  " Ертегілер еліне саяхат" атты ертегілерін сахнаға дайындап, шығарды.
А.Сағымбекова республикалық және Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты, «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының жүлдегері. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, бірнеше рет облыс және қала әкімдерінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына ие болған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен наградталған.
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АНАРДЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

11.05.21 11.05.21 11.05.21 11.05.21 11.05.21 11.05.21 11.05.21 11.05.21 11.05.21