Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

2021 жылдың 15 сәуірі күні «АБАЙ ТВ» мәдени-ағарту телеарнасының түсіру тобы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдығы қарсаңында осы өнер шаңырағында болып, театрдың өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігі және алдағы шығармашылық жоспарлары жөнінде арнайы телехабар түсірді.

Түсіру тобына театрдың өткені, бүгіні және алдағы шығармашылық жоспарлары жөнінде Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Малик Акурпиков, театрдың көркемдік жетекшісі әрі алдыңғы қатарлы белгілі актрисасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Анар Сағымбекова, театрдың қоюшы-режиссері, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов, театрдың ардагер артистері: ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрсифат Салықова, Қазақстанның Халық артисі Макен Рахымжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан, театрдың музыка бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Барақбаевалар әңгімелеп берді.
Түсіру тобы, сондай-ақ, сахнаға дайындық жұмыстары жүріп жатқан театрдың 2021 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – Е.Әлімжанның «Абылай ханның серті» драмасының қоюшы-режиссері Фархадбек Канафиннен сұхбат алды.
(«АБАЙ ТВ» мәдени-ағарту телеарнасының түсіру тобы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрынан 2021 жылдың 15 сәуірі күні түсіріп, дайындаған арнайы телехабар - төмендегі бейнематериалда).

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры - Акурпиков Малик Дуйсебаевич