Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

20.05 1

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай онлайн форматта «Музейдегі түн» мәдени білім беру акциясы өткізілді.

Аталған мәдени іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С.Мәдиева кіріспе сөзімен ашып, мерекеге қатысушыларға Халықаралық Музейлер күніне орай ыстық лебізді құттықтауын жеткізді.
Арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізілген «Музейдегі түн» мәдени білім беру акциясына Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы музейдің экспозициялық залдары бойынша «Тарихи дәуірлердің жанданған кейіпкерлері» атты театрланған қойылымдармен қатысты.
Мәселен, аталған, «Тарихи дәуірлердің жанданған кейіпкерлері» қойылымында: театр артистері Жандос Ильясбеков пен Аружан Райымбек алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі жабайы адамдар бейнелерін, актер Абзал Дәулетбақов – ұлы Абай, актер Әбу Шоңбаев – жыр алыбы Жамбыл баба, актер Кенен Ақүрпеков – Тұрар Рысқұлов, артистер Руслан Оразалиев пен Мамбет Қожалиевтер – Керей мен Жәнібек хандар, актер Жандар Қырықбаев – Қасымхан, театр артистері Асқарбек Сейілхан, Әбиірбек Тінәлі және Жүніс Әлімбековтер қазақтың атақты үш биі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, артист Ризат Қылышбаева – Сақ патшайымы Томирис, артист Елжан Жармухамедов – Томиристің ұлы Спаргапис, артист Медеу Ердалиев – Қарахан, актриса Әсем Қондыбаева – Айша бибі, актер Бексұлтан Әлекешов – Білге қаған, актер Қасым Келесбек – ертедегі араб географы Абу Мұхаммад Аль Макдиси, театр балетмейстері Бақытжан Айманов – ежелгі бақсы, актер Әнапия Ахмет – ежелгі қытай елшісі бейнелерінде өнер көрсетті.
Сондай-ақ, театр суретшісі Қ.Аманқосов құммен сурет салу өнерін ортаға салды.
Аталған «Музейдегі түн» мәдени білім беру акциясынан соң, оның қорытындысы бойынша Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы мен жекелеген артистер арнайы марапаттарға ие болды.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры - Акурпиков Малик Дуйсебаевич

20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2 20.05 2