Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

23.05 1 23.05 1

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!

Ардақты әріптестер!

Сіздерді Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық құрамы атынан төл мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осынау айтулы күн – кәсіби тұрғыда ел мақтанышына айналған мамандық иелері: мәдениет және өнер қызметкерлерімен қоса, барша халқымызға да ортақ мереке.
«Мәдениет – өмір мәйегі, өнер – ұлттың жаны», - дейді халық даналығы. Мәдениет пен өнер – елдігімізді бекемдеп, халқымызды қанаттандырып отыратын бір-бірінен ажырамас егіз ұғым.
Мәдениет және өнер қызметкерлері атадан балаға мұра болып қалатын асыл қазынамыз, халқымыздың баға жетпес құндылықтары – ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтап, оларды одан әрі жаңартып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Өткен жылдан бері бүкіл әлемді шарпыған пандемия кезіндегі карантин мен шектеулер уақытында да, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, Сіздер мен біздер, мәдени, шығармашылық және өнер туындыларымыз арқылы еліміздің рухын көтеріп, әлеуметтік-рухани құндылықтарымызды насихаттап, таратуға үлесімізді қостық.
Өткен жылы барша елімізбен қатар, Ұлы Абайдың - 175, Жеңістің – 75, Алтын Орданың 750 жылдың мерейтойларына орай, онлайн форматта, сондай-ақ, мәдени-көпшілік орындарда түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, осы айтулы даталардың жоғары деңгейде өткізілуіне үлкен белсенділікпен ат салыстық. Үстіміздегі жылы да еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын барынша мазмұнды өткізуге бар күш-жігерімізді салып, еңбек етудеміз.
Құрметті әріптестер!
Руханият тірегі саналатын мәдениет пен өнер саласына, елге, халыққа қызмет ету жолындағы абыройлы еңбектеріңізге зор шабыт-шалқар, шы-ғармашылық та¬быс¬тар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық құрамы.