Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

23.05.21

27 мамыр күні, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында белгілі халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» реквиемін көруге шақырамыз!

Билетті театр кассасынан ала аласыздар!
БАҒАСЫ: оқушыларға - 300 тг, студенттерге - 400тг, үлкендерге - 500 тг
Касса номері: 45-79-89, ұялы тел: 8 (707) 663-77-78
Администратор номерлері: 8 (747) 913-75-70, 8 (776) 963-84-64
Қабылдау бөлімі: 45-29-68

ЕСКЕРТУ: Пандемияға қарсы талаптарға байланысты қойылымға келушілер міндетті түрде медициналық маска тағып келу және «ASHYQ» мобильді қосымшасы арқылы кіреді!

1925 жылы Қазақстан басшылығына келген Филипп Голощекин Қазақстанда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қудалауға ұшыратты, лагерлерге айдатты, сотсыз, үкімсіз, «үштік» шешімімен ату жазасына бұйырды.
Сол зұлмат жылдары «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұжымдастыру ұранымен науқанға кіріскен белсенділер әрекетінен республикадағы 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Елдің қорасында - мал, дорбасында - бір түйір дән қалдырмай, бәрі тартып алынды. Соның салдарынан халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Осы шындықты бетке айтқан қазақ зиялылары жаппай тұтқындалып, жазаланды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында 2 миллионға жуық қазақ халқы қайтыс болды, жүздеген мың қазақтар туған жерін тастап, басқа елдерге босып кетті, 25 мыңнан аса боздақтар, оның ішінде қазақ халқының ең бетке ұстар зиялы қауымы түгелге жуық атылды, жүздеген мың адамдар еш кінәсіз, жалған жала жабумен лагерлерге айдалды.
     ***
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының репертуарындағы белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жалынды күрескер, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 1930-шы жылдары кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға бел шеше, батыл кірісіп, сол уақытта Қазақстанда бірінші басшы болып тұрған Ф.И. Голощекиннің қазақ жерінде қасақана, қолдан ұйымдастырған «Кіші қазан төңкерісіне» ашық түрде қарсы шығуы, Қазақстан халқын ашаршылық зардаптарынан құтқару жөнінде Сталинге ашық хат жазуы, соңынан осы тарихи шындықты ашық айтып, тікелей Сталинмен бетбе-бет кездесуі, ең соңында өзі де үстінен жазылған нақақ жала хаттардың салдарынан қуғын-сүргінге түсіп, репрессияға ұшырауы баяндалатын белгілі халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» реквиемін көруге шақырамыз!
Драманың қоюшы режиссері – белгілі актер әрі режиссер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази.