Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

03.06 1

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры маусым айындағы көшпелі қойылымын Байзақ ауданындағы, Бурыл ауылдық мәдениет үйінде Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымын көрсетумен бастады. Қоюшы-режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі – Анар Сағымбекова. ​ Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.

Облыс орталығынан жырақта жатқан ауыл халқының,​ оның ішінде, әсіресе​ ауыл жастары мен мектеп оқушыларының​ театр өнерінің жауһар​ туындыларын тамашалап,​ бір мезгіл мәдени​ тынығуға, сол қойылымдардан рухани​ азық​ пен ләззат​ алып,​ эстетикалық, суреткерлік​ әдемілікті сезінуге қол жетімділіктері мен мүмкіндіктері мүлдем төмен екені аян.

Бұл ретте Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында​ жалпы халықтың, оның ішінде әсіресе жастардың таным-тағылымын​ өнер туындылары арқылы арттыру жөнінде нақты тапсырма​ бергені белгілі.

Сондай-ақ,​ ​ Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі тарапынан да​ ​ жаңа қазақстандық патриотизмді белсенді насихаттап, дәріптеу жөнінде​ мақсат-міндеттер белгіленіп отыр.

Биылғы жыл көлемінде​ облыс​ аудандары мен ауылдарына жүйелі түрде​ гастрольдік сапармен шығып, ауыл мектептерінде, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарында ​ бүгінгі ұрпақты​ жоғары рухани құндылықтарға, отаншылдыққа, туған елі мен жерін сүюге, оның тарихын жетік танып-білуге, достық пен бірлікке, еңбексүйгіштікке​ тәрбиелеуге​ игі ықпалын тигізетін​ сахналық қойылымдар қою мақсаты көзделіп отыр.​

03.06 2 03.06 2