Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

08.06 1

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 3 маусым күні, кезекті көшпелі қойылымын Жуалы ауданындағы, Қосбөлтек ауылдық клубында - Қ.Байсейітов​ пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» комедиясын сахналаумен жалғастырды.

Қоюшы-режиссері: белгілі режиссер - Рүстем Жаныаманов.​

Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.

Биылғы жыл көлемінде​ облыс​ аудандары мен ауылдарына жүйелі түрде​ гастрольдік сапармен шығып, ауыл мектептерінде, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарында​ бүгінгі ұрпақты​ жоғары рухани құндылықтарға, отаншылдыққа, туған елі мен жерін сүюге, оның тарихын жетік танып-білуге, достық пен бірлікке, еңбексүйгіштікке​ тәрбиелеуге​ игі ықпалын тигізетін​ сахналық қойылымдар қою мақсаты көзделіп отыр.

08.06 1 08.06 1