Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

08.06 1

Үстіміздегі жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры кезекті көшпелі қойылымын 7-маусым күні, Жуалы ауданындағы, Қарасаз ауылдық клубында - Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясын сахналаумен жалғастырды.

Қоюшы-режиссері: белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты – Қуандық Қасымов. Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.

Биылғы жыл көлемінде облыс аудандары мен ауылдарына жүйелі түрде гастрольдік сапармен шығып, ауыл мектептерінде, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарында бүгінгі ұрпақты жоғары рухани құндылықтарға, отаншылдыққа, туған елі мен жерін сүюге, оның тарихын жетік танып-білуге, достық пен бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге игі ықпалын тигізетін сахналық қойылымдар қою мақсаты көзделіп отыр.

08.06 1 08.06 1 08.06 1