Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

23.06 2

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 22 маусым күні, сағат 18.30-да "Абылай" тарихи драмасының премьерасы сахналанды.

Авторы – жазушы-драматург Елен ӘЛІМЖАН
Қоюшы- режиссері – Фархадбек Канафин
Қоюшы суретшісі – Қазым Аманқосов
Музыкамен көркемдеуші – Мөлдір Барақбаева
Балетмейстер – Бақытжан Айманов

Қойылымның мақсаты- ең басты айта кетер мәселе – Абылай хан тақырыбы қазақ театрларының сахнасына жаңа келген құбылыс емес.
Әйтсе де, бір ерекшелігі - Елен Әлімжанның «Абылай» драмасы - қазақ драматургтерінің бұрын-соңды жазған драмалық шығармаларын қайталамайтын өзіндік сүрлеу тапқан туынды.
Екінші ерекешелігі – туынды оқиғасын талантты жас режиссер Фархадбек Канафин өзіндік, жаңаша режиссерлік шешіммен беріп, Абылай бейнесін тек ел басқарушы хан ғана емес, сонымен бірге қайтпас қайсар батыр, аса білгір де тапқыр дипломант етіп, жаңаша сипатта, соны үрдісте көрсете білген.
Шығарма оқиғасында Абылай ханның Қазақ даласын сырт жаулардан қорғап, ел тыныштығын сақтауда көрші жатқан алып мемлекеттер: Ресей және Қытай елдерімен жүргізген көреген саясаты, Жоңғар басқыншыларымен күресте көрсеткен батыл шешімдері мен қадамдары бейнеленеді. Абылайдың даналығы мен қайтпас қайсарлығы, ерлік істері кеңінен көрініс табады. Махаббат сезіміне беріктігі мен жасаған дұрыс байламы насихатталады.
Қойылым – тарихтан белгілі оқиға, Абылай сұлтанның 1742 жылы аз ғана қолмен келе жатып, қалың Жоғар әскерінің қоршауында қалып тұтқынға түсуінен басталады.
Жоңғар ханы Қалдан Серен – Абылай сұлтанның тектілігіне, төре тұқымы екендігіне күмән келтіріп, оны түрліше әдістермен сынап бағады. Ақыры Абылайдың текті тұқымнан екендігіне көз жеткізеді.
Қалдан Серен тұтқында отырған Абылайға « Жоңғар батыры Шарышты өлтірдің!» деп айып тағады.
Иә, расында да Абылай (шын аты - Әбілмансұр) Жәңгір ханның тікелей ұрпағы. Абылайдың 13 жасында әкесі «тақталастар» тарапынан қастандықпен өлтіріліп, Абылай Түркістанға қашуға мәжбүр болды. Жетім қалғаннан кейін, Төле бидің қамқорлығында болып, оның түйелелерін бақты. Бұл кезеңде оны, ел Сабалақ деп атаған. 20 жасында, Жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте жеңген соң, Орта жүз сұлтаны болып жарияланды. Халық оны атасының құрметіне Абылай деп атап кетті. 1742 жылы Есіл өзенінің бойындағы шайқаста Жоңғар әскерінен жеңіліске ұшырап, тұтқынға алынды. Тұтқында жүріп жоңғыр қызы Топышпен көңіл жарастырды. Бір жылдан кейін тұтқыннан босатылып, күресті ары қарай жалғастырды. Нәтижесінде, қазақ халқының көптеген маңызды жерлері жаудан босатылды. 1754-1755 жылдары қырғыздар Жетісуға шабуыл жасады. Әбілмансұр тез арада әскер жинап, Іле және Шу өзендерінің ортасын жаудан тазартты. Осылайша, ол қазіргі уақытқа дейін сақталған қазақ пен қырғыз арасындағы шекараны орнатты.
1756 жылы қол астында 6000 жауынгер болғанына қарамастан, 40000 қытайлыққа қарсы тұрып, оларды артқа шегіндірді. Үш жүздің басын біріктіріп, 1771 жылы хан болып жарияланды. Ресей елімен дипломатиялық қарым-қатынас жасап, сыртқы жауларға қарсы күресте күш біріктірді. Алайда, ол қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды және сол жолда аянбай күресіп өтті. Қойылымда Абылай бейнесін – ҚР Мәдениет саласының үздігі, белгілі талантты актер Кенен Ақүрпеков, Қалдан Серен образын - ҚР Мәдениет саласының үздігі, белгілі талантты актер Мәлік Ақүрпеков, Топыш ханым бейнесін – талантты жас актриса Әсем Қондыбаева сомдады.

(Ескерту: Қойылымда Бұхар жыраудың жырлары мен Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінділер пайдаланылды).

РОЛЬДЕРДІ ОРЫНДАУШЫЛАР:

АБЫЛАЙ ХАН – арт.Кенен Ақүрпеков
ҚР Мәдениет саласының үздігі,

ТОПЫШ ХАНЫМ– арт.Әсем Қондыбаева

ҚАЛДАН СЕРЕН– арт.Малик Акурпиков,
ҚР Мәдениет саласының үздігі

МОМЫН – арт.Нұрсұлтан Маханов

ҚҰРАЛАЙ– арт.Сымбат Нұрсейітова

ҚАРАБАС ХАНЫМ – арт.Ризат Қылышбаева

ӘМІРСАНА– арт.Медеу Ердалиев

ЖАЛБЫ – арт.Абзал Дәулетбақов

ҚЫТАЙ ЕЛШІСІ – арт.Жандос Ильясбеков

РЕСЕЙ ЕЛШІСІ – арт.Қасым Келесбек

КӨПШІЛІК САХНАДА– театр артистері

Премьера соңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Жүнісбай театр ұжымын репертуарға енген жаңа қойылымдарымен құттықтап, драма авторы мен қоюшы режиссерге және қойылымда ойнаған артистерге алғысын білдіріп, Елен Әлімжан ағаның иығына шапан жапты.
Сондай-ақ, облыстық Ардагерлер кеңесі Абылай ролін сомдаған Кенен Ақүрпековке шапан жауып, құрмет көрсетті.

23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2 23.06 2