Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

1-ші бөлім

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.

Осы орайда, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясындағы мақсат-міндеттерге сай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдығын бір арнаға тоғыстыра отырып, облыстық «Jambyl» телеарнасынан жыл бойы эфирге шығарылып тұратын 10-15 минуттық «Театрым – тағдырым» атты телебағдарламаның кезекті хабары театрдың ардагер актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері, "Облысқа сіңірген еңбегі" үшін белгісінің иегері Несіпкүл Омарбековамен арнайы сұхбат алумен жалғасты. Аталмыш бағдарламаны «Jambyl» телеарнасының тележурналисі, белгілі қаламгер-ақын Жұлдыз Бейсек тұрақты жүргізеді.
Осы бағдарламаға қолдау білдірген облыстық «Jambyl» телеарнаға және оның басшысы Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына алғысымызды білдіреміз.

@zhuldyz.beisek
@meirzhan_alibekuly
@jambyl_tv