Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

29.06 429.06 4

28 маусым – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, өңіріміздің мәдениет саласы бойынша халқымыздың мәдени дәстүрін, тарихи құндылықтарын насихаттау жолындағы абыройлы еңбегі үшін «JAMBYL» телерадиоарнасының редакторы, журналист, ақын Жұлдыз Бейсек Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен және арнайы сыйлығымен марапатталды.
Жұлдыз Бейсек Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдық тарихы мен айтулы сахна саңлақтарының өнердегі жолын «Театрым - тағдырым» телебағдарламасы арқылы насихаттап, танытуда да үлкен белсенділік танытып келе жатқан – ақпарат саласының белді маманы.
Жұлдыз Бейсек ханым, біз, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы атынан Сізді төл мерекеңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасының береке-бірлігін, алдағы уақытта да биік шығармашылық табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз! Мерекеңіз құтты болсын!