Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.

Осы орайда, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясындағы мақсат-міндеттерге сай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдығын бір арнаға тоғыстыра отырып, облыстық «Jambyl» телеарнасынан жыл бойы эфирге шығарылып тұратын 10-15 минуттық «Театрым – тағдырым» атты телебағдарламаның кезекті хабары театрдың белгілі сахна шебері, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбековпен арнайы сұхбат алумен жалғасты. Аталмыш бағдарламаны «Jambyl» телеарнасының тележурналисі, белгілі қаламгер-ақын Жұлдыз Бейсек тұрақты жүргізеді.
Осы бағдарламаға қолдау білдірген облыстық «Jambyl» телеарнаға және оның басшысы Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына алғысымызды білдіреміз.

@zhuldyz.beisek
@meirzhan_alibekuly
@jambyl_tv