Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Бүгін Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы облыстық ақпараттық топтардың халықпен кездесуі аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры мен облыстық орыс драма театрлары ұжымдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

М.Сарыбеков Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы барлық алға қойылған мақсаттарға Жамбыл өңіріне тән нақты мысалдарды келтіре отырып, қысқаша тоқталып өтті.
Еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайын ілгерілету, өндірісі мен ауыл шаруашылығын, оның ішінде, егін және мал шаруашылығының одан әрі дамуына негіз қалау, ауыз су, ағын су, мал жайылымдары, су қоймалары, жем-шөп қоры мәселелерін шешу, моноқалаларды өркендету, медицина және білім беру салаларының сапасын жақсарту және тағы басқа да Жолдауда алға қойылған міндеттер, сайып келгенде, ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталады, деді ол, өз баяндамасында.

Баяндамашы өткен жылдан бері бүкіл әлемді шарпыған пандемия салдарынан еліміздің бүкіл өндіріс, экономика және әлеуметтік жүйе салаларында орын алған ауыртпалықтардың халық денсаулығына да, адамдардың көңіл-күйлері мен жүйкелеріне де, әр сала мен бағыттардағы еңбек жағдайына да, Ұлттық қорымызға да едәуір салмақ түсіргенін айта келе, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы осы қиындықтарды еңсеру, еліміздің одан ары өркендеу жолын бағдарлап, белгілеу мақсаттарын көздейтіндігін атап өтті.
Іс-шара соңында театрлар ұжымы Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жан-жақты, еркін баяндау түрінде түсіндірген М.Сарыбеков мырзаға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

11.10.21 1

11.10.21

11.10.21

11.10.21

11.10.21

@qazaqstan30jyl
@zhambyl.gov.kz
@saparbayev_bm
@daulet_karibek
@s_makhmetgali
@madeniet_jambyl
@yerlan_zhunisbai
@malikakurpek