Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

27.10.21 1

Асқар Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 25-26 қазан күндері жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай белгілі ақын,  драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың)  «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты драмасы сахналанды.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері - Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, белгілі талантты режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі суретші Қалтөре Жұмағұлов.

Қойылым оқиғасында - жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келуі, жігіттік шағы, Бұрым қызға ғашық болуы, Сүйінбайдың батасын алуы,  сал-серілік, ақындық,  жыраулық жолға түсіп, айтыстарға қатысып, елге танылуы, сыршыл ақын Айкүміспен,  адуынды ақын Құлманбетпен айтыстары суреттеледі. Бір ерекшелігі – Жамбыл Жабаев қайда жүрсе де, киелі жанның қорғаушысындай,  елес болып, бір Қызыл жолбарыс ақынның  маңайында жүреді.
Қызырлы қызыл жолбарыстың аңыз емес, шындық екендігін, өзі  Сүйінбайдан бата алған күннен бастап, сол киелі аң ылғи өзін маңайлап жүретіндігін Жамбыл атамыз өзі айтса керек.

27.10.21 227.10.21 327.10.21 427.10.21 527.10.21 6