Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

12.11.21 1

Асқар Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 11 қараша күні жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай белгілі ақын,  драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың) «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты драмасы сахналанды.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері - Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, белгілі талантты режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі суретші Қалтөре Жұмағұлов.

Қойылым оқиғасында - жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келуі, жігіттік шағы, Бұрым қызға ғашық болуы, Сүйінбайдың батасын алуы,  сал-серілік, ақындық,  жыраулық жолға түсіп, айтыстарға қатысып, елге танылуы, сыршыл ақын Айкүміспен,  адуынды ақын Құлманбетпен айтыстары суреттеледі.

12.11.21 1 12.11.21 1 12.11.21 1 12.11.21 1 12.11.21 1