Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Макен Рахымжанова  1952 жылы 7 сәуірде Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Жаңа шаруа ауылында  туылған. 

Білімі жоғары. 1972 жылы Қазақтың Мемлекеттік Академиялық Еңбек Қызыл Ту орденді М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы театр студиясын актер мамандығы бойынша бітірген. Одан кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мәдени тынығу» мамандығы бойынша бітірген.

М.Рахымжанова 1972 жылдан бері жарты ғасыр уақыт Жамбыл облыстық қазақ драма театрында  үзіліссіз  еңбек етіп, бар  өнері мен рухани күш-қуатын актерлік қызметке жұмсап келеді.

Мәкен Рақымжанова осы уақыт ішінде театр тарихында  өзіндік биік орны бар, сахна өнерінің  айтулы саңлағына айналған  белгілі актриса. Бар ғұмырын театр өнеріне арнап келе жатқан ол, бүгінгі дейін 100-ден аса сахналық қойылымдарда тек қана басты және негізгі  рольдерді сомдапты. Көпшілік сахнасында  ойнаған рольдері де жетерлік.

Макен Рахымжанова  өзі сомдаған  кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесін  шынайы  дәлдікпен бере алатын  сезімтал, шығарманың идеясын терең  түсініп,  оны сахнаға сол қалпында  бере  білетін  айрықша шебер сахнагер.  Режиссуралық шешімдерді тез  түсінетін, қай жанрда болмасын  өзіндік  қолтаңбасымен  ерекшеленетін  алғыр актриса. Ол өзінің бар жаратылыс болмысымен театр өнері үшін  жаралғандай,  сондықтан да,  сахнада сомдаған бейнелерінде еш жасандылық жоқ,  дәл өмірдің өзіндей  бояуы қанық.  

М.Рахымжанованың соңғы жылдары сомдаған рольдері:

- М.Шахановтың «Танакөзінде» - Нұргүл апа;

- Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісінде» - Хадиша;

- Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашында» - Дәметкен;

- Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - Толғанай;

- Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Ана;

- С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» - әйелдер қоғамының меңгерушісі;

- Б.Бекжановтың  «Айша бибісінде» - Ануар бегім;

- Ғ.Мүсіреповтің  «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Дәмелі;

- Б.Жакиевтің «Жүрейікші жүрек ауыртпай» трагикомедиясында – Күлегеш кемпір және басқа да шығармаларда бірқатар  негізгі рольдерді  сомдап келеді.

М.Рахымжанова, сондай-ақ, тағы басқа бірқатар шығармаларға  көпшілік сахнасындағы рольдерді орындауға қатысты.

М.Рахымжанова, сондай-ақ, 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин уақытында бірқатар онлайн іс-шараларға белсенді ат салысты.

М.Рахымжанова Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және театрдың Ардагерлер кеңесінің белді мүшесі ретінде кейінгі буын жас артистерге үлгі-өнеге көрсетіп, тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ, театрдың жаңа қойылымдарын талдап, талқылауға,  қоғамдық жұмыстарға аса белсенді ат салысады.

 Қазақстанның халық артисі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері   М.Рахымжанова 2019 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, олармен қатар, облыс және басқарма басшылығының Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ  ауданының «Құрметті азаматы» мәртебесіне ие болды.   

Отбасылы, балалары мен немерелерінің өнегелі анасы.